Геннадий Головкин Қарағандыда өз бизнес-жобасын іске қосты

Фотография - Геннадий Головкин Қарағандыда өз бизнес-жобасын іске қосты

Боксшының сөзіне сенсек, фабрикаға жұмсалған қаржының барлығы кәсіпқой рингте тапқан табысы

557 0

Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин 5 шілдеде Қарағандыда таскөмірді өңдеу зауытын ашты. Боксшы кәсіпорын құрылтайшыларының бірі болып келеді, деп жазады Today.kz.

Фабриканы аша отырып, Геннадий Головкин тапқан қаржысын қазақстандық, оның үстіне шахтер отбасында туып өскендіктен көмір өндірісіне салып жатқанына қуанышты екендігін жеткізді.

Фото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kzФото - Сурет: today.kz

Әлі жеңіліс татпаған боксшының сөзіне сенсек, фабрикаға жұмсалған қаржының барлығы кәсіпқой рингте тапқан табысы. Чемпионның сөзінше, ол спортқа да қаржы құймақ.

"Әрине, мен спорттық инфоқұрылымға да қаржы саламын, ол туралы да ойым бар. Мен бірнеше инвестор тарттым. Әзірге барлығы жасалып жатыр", - деді Головкин.

"Самруқ-Қазына Инвест" ЖШС жетекшісі Қайрат Найзабеков жобаның құны екі миллиард теңгеден асатынын және ол инвестиция өзін үш жылда ақтайтындығын айтты.

"Байыту фабрикасының жобалық қуаты жылына 500 тонна өнім, сатылу нарығы да белгілі, өйткені бұл өнім металлургия өнеркәсібі мен энергетика саласында сұранысқа ие", - деп атап өтті Найзабеков.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!