Қазақстанда Астана күні тойлануда

Фотография - Қазақстанда Астана күні тойлануда

Мерекелік іс-шаралар маусымның 1-нен 6-на дейін өткізіледі.

392 0

Астанада көптен күткен дүбірлі той! Бүгін Қазақстан халқы Елорданың 18 жылдығын кең көлемде мерекелейді. Аспаны ән мен күйге бөленген қала тұрғындары мен қонақтары бұл жолы да естен кетпес қызықтың куәсі болмақ.

Айта кетейік, 1994 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның астанасын Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсыныс жасады.

1997 жылы 20 қазанда Мемлекет басшысы астананы ауыстыру туралы Жарлыққа қол қойды.

1998 жылы 6 мамырда Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгерді.

1998 жылы 10 маусымда жаңа елорданың халықаралық тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл күн 2006 жылға дейін елорданың туған күні ретінде мерекеленіп келді.

2006 жылдан бастап 6 шілде Астана күні ретінде аталып өтеді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!