Әсет Исекешев Астанада тағы бір қызметке сайланды

Фотография - Әсет Исекешев Астанада тағы бір қызметке сайланды

Қала әкімі "Нұр Отан" партиясының астаналық филалының төрағасы болып сайланды.

198 0

Астана әкімі Әсет Исекешев "Нұр Отан" партиясының астаналық филиалының төрағалығына сайланды.  Бұл туралы партия хатшысының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің қатысуымен өткен кезектен тыс XXIII конференциясы барысында белгілі болды, деп жазады Today.kz.

Делегаттар кандидатураны бір ауыздан қолдады. Сонымен бірге Исекешев тағы бірнеше партия мүшесімен бірге партияның қалалық филиалының саяси кеңесінің құрамына кірді.

Әсет Исекешев 2016 жылдың 21 маусымында Астана әкімі болып тағайындалған. Жаңа әкім алғашқы шолуын жасап, бірінші кезекте Талдыкөлге барған. Ол жерде Исекешев көлді тазарту жұмысын қадағалады. Сол күні әкім жыл соңына таман Астананың сол жағалауы қатты жауыннан кейін де су алмайтын болады деп уәде еткен. Ал баспасөз қызметінің мәліметінше, қала бойынша жауын суы ағатын канализация қалыпты жұмыс істей бастайды делінген. Ал Астана күні жауыннан кейін Елорда көшелерін тағы да су басты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!