Байбек: Ең талантты және табысты қазақстандықтар Алматыны таңдайды

Фотография - Байбек: Ең талантты және табысты қазақстандықтар Алматыны таңдайды

Қала басшысы Алматыда Қазақстанның жаңашыл адамдарының 84 пайызы тұратындығын атап өтті.

1190 0

Ең талантты және ең табысты қазақстандықтар Алматыны таңдайды, деп жазады Today.kz  қала басшысы Бауыржан Байбекке сілтеме жасай отырып. Алматыда өтіп жатқан "Алматы – өмір мен бизнес үшін қолайлы қала" атты форумда сөз сөйлей отырып, әкім қаланы әлемдік стандарттарға жеткізу керектігін айтты.

"Алматылықтар жақсы демала алады, ертеңгі күні нәтижелі жұмыс істеу үшін. Бүгінде Алматының басты байлығы қаржы, банктер ғана емес. Бірінші кезекте ол адам капиталы. Алматы – болашақтың, жастардың қаласы, елдегі ЖОО-лардың үштен бірі (42) осында екенін білесіздер, яғни, жастардың үштен бірі осы қалада. Ең таланты және табыстылар осында қалады. Бізде бар кей деректерге қарағанда Қазақстанның жаңашыл адамдарының 84 пайызы Алматыда өмір сүргенді қалайды және осында тұрып та жатыр.

Қала басшысы Алматы ірі компаниялар, ақылды және іскер адамдарды тарту бойынша үздік қалалармен бәсекелесе алатындығына сенім білдірді. Сонымен бірге, әкім соңғы бес жылда қала аумағы екі есе артқанын, ал мегаполис тұрғындары 20 пайызға өскенін айта кетті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!