Мәсімов: Бізге Елбасымен бірге бақуатты Қазақстанда өмір сүру бұйырды

Фотография - Мәсімов: Бізге Елбасымен бірге бақуатты Қазақстанда өмір сүру бұйырды

Қазақстан премьер-министрі Қызызлорда облысына іс-сапары барысында Жақсықылыш ауылының тұрғындарымен кездесті.

424 0

Қазақстан премьер-министрі Қызызлорда облысына іс-сапары барысында Жақсықылыш ауылының тұрғындарымен кездесті. Кәрім Мәсімов аймақтың проблемалық мәселелері, соның ішінде ауылдық кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау, АӨК-ны дамыту, жастардың жұмысқа орналасу мәселесін талқылады. Үкімет басшысы жергілікті тұрғындарға барлық мәселелердің шешім табатынына сөз берді, деп жазады Today.kz.

 "Әрбір адамның өмірі маңдайына жазылған тағдырымен байланысты. Біз бен сіздерге Елбасымен бірге Тәуелсіз әрі бақуатты Қазақстанда өмір сүру бұйырған екен. Біз мұнда Президенттің тапсырмасымен, сіздердің проблемаларыңызды шешу үшін қуана келдік, бұл жерде талқыланған мәселелер шешілетін болады", - деді Мәсімов

Естреріңізге салсақ, Кәрім Мәсімов аймаққа іс-сапары барысында Байқоңырда болып, қаланың әлеуметтік нысандарының жұмысымен танысты. №277 орта мектепте премьерге білім беру саласының жағдайы туралы, соның ішінде Байқоңырдағы алты мектептің қазақстандық стандартқа көшірілуі туралы баяндап берді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!