Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз

Фотография - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз

Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұршақ болуы мүмкін.

236 0

Синоптиктердің болжауынша, тек еліміздің батысындағы және солтүстік-шығысындағы кей аудандарда бұршақ ұруы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күн райы жауын-шашынсыз.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, күндіз Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты жел тұрады.

Атырау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұршақ болуы мүмкін.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл облысында, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі жоғары.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!