ҚР ҰҚК Тоқтар Төлешовке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады

Фотография - ҚР ҰҚК Тоқтар Төлешовке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады

Кәсіпкер конституциялық құрылым негіздеріне қарсы қылмыс жасады деп күдікке ілінді.

1052 0

Шымкенттік ірі бизнесмен Тоқтар Төлешовке қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды, деп жазады Today.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Істің мән-жайы әлі жарияланбады.

"Төлешов Тоқтар Жүсіпұлына қатысты қылмыстық істің негізгі эпизодтары бойынша тергеу аяқталды. Осыған орай, 2016 жылғы 11 шілдеде сағат 11.00-де Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимаратында Қазақстан Республикасының ҰҚК және Бас прокуратурасы өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді", - делінген хабарламада.

Мұның алдында кәсіпкер Тоқтар Төлешовтың жер реформасына қатысты митингілерді ұйымдастырған болуы мүмкін деп айтылған. Бизнесмен 30 қаңтарда Шымкенттегі арнайы операция барысында ұсталды. Төлешов және онымен бірге ұсталған өзге тұлғалардан оқ қару, есірткі заттары мен белгісіз әдебиеттер анықталып, тәркіленді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!