ҚР жер заңнамасын бұзғандарға жазаны күшейтуді ұсынылды

Фотография - ҚР жер заңнамасын бұзғандарға жазаны күшейтуді ұсынылды

Қазір жерді беру мен тәркілеу бойынша бұзушылықтар үшін әкімшілік жаза ғана көрсетілген.

261 0


Қазақстанда жерді беру мен оны тәркілеу кезінде заңнаманы бұзғандар үшін жазаны күшейту ұсынылды. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан Жер реформасы бойынша комиссия отырысынан тыс жерде оның мүшесінің бірі Ақылбек Күрішбаев айтып берді, деп жазады Today.kz.

"Заңнаманы бұзуышының жауапкершілігін арттыру керек – әкім болсын, сол комиссия мүшесі болсын. Бүгін Әкімшілік кодекс бойынша комиссия рұқсатынсыз жер бөлу бойынша, соның ішінде шетелдіктерге жер беру мен жерді тәркілеуде заң бұзылса оған 30 АЕК түрінде айыппұл салынады. Бұл 63 600 теңге. Бұндай жауапкершілікпен біз тәртіп орната алмаймыз. Сол үшін айыппұл салуды қатаңдату керек – егер Қазақстанның ұлттық мүдесіне зиян тисе, жауапкершілік Қылмыстық кодекс бойынша жүру керек", – деп есептейді Күрішбаев.

Сондай-ақ, комиссия мүшелері jerturaly.kz сайтында Қазақсатнның барлық жер пайдаланушылары туралы ақпаратты жариялау керек деп есептейді.

Отырыс барысында комиссия мүшелерінің бірі сайт базазасында жер туралы мәселелер бойынша, соның ішінде аукциондық жер туралы да барлық ақпаратты жариялауды ұсынды.

Мұның алдында 2 шілдеде Қызызлорда облысында өткен комиссия отырысында бірнеше мәселе талқылауға ұсынылды. Нақ осы мәселелер Астанада тоғызыншы шілдеде қаралып жатыр.

Естртеріңізге салсақ, Елбасы 30 маусым күні Жер кодексінің кей нормаларын сәйкес жарлыққа қол қоя отырып тоқтатып қойған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!