Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Фотография - Бүгін еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады

Алматы, Жамбыл облысында, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі

211 0

10 шілдеде Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, найзағай кезінде жел 18 м/с-ге күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел найзағай кезінде 15-22 м/с-ге күшейеді, бұршақ болуы ықтимал. Алматы,  Жамбыл облысында, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды  облыстарының   кей жерлерінде  өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!