Кәрім Мәсімов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

Фотография - Кәрім Мәсімов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді

Сонымен қатар, Петропавлдағы жаңа Спорт сарайында Премьер-Министр спортшылармен кездеседі.

150 0

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрі аймақтарды аралауды жалғастыруда. Бүгін ҚР Үкіметі басшысы Солтүстік Қазақстан облысына келді, деп хабарлайды pm.kz.

Кәрім Мәсімов солтүстік өңірдегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралап, машина жасау техникасы өндірісімен танысады, сондай-ақ астықты аймақта АӨК дамыту бойынша кеңес өткізеді деп күтілуде.

Сонымен қатар, Петропавлдағы жаңа Спорт сарайында Премьер-Министр спортшылармен кездеседі.

Кәрім Мәсімов атап өткендей, жұмыс сапары кезінде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуына, өңірдегі өзекті мәселелердің қарастырылуы мен шешілуіне баса назар аударылатын болады, жұмыспен қамту мәселесіне ерекше көңіл бөлінбек. Атап айтқанда, Премьер-Министр СҚО-да «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының орындалуын, аймақтар арасындағы жұмыс күшінің жұмылуының жай-күйін бағалайды.

Еске салайық, ҚР Премьер-Министрінің жұмыс сапарларын енді facebook желісіндегі https://www.facebook.com/pmkzofficial/ ресми парақшасында және https://twitter.com/pmkz_site live режімінде көруге болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!