ҚР Премьер-Министрі Ш.Уәлихановтың атажұртында болды

Фотография - ҚР Премьер-Министрі Ш.Уәлихановтың атажұртында болды

Мұражай тарихы туралы Премьер-Министрге мемлекеттік кәсіпорынның директоры Уәлихан Құлбаев әңгімелеп берді. Барлық құқығы қорғалған.

165 0

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Солтүстік Қазақстан облысыа сапары аясында "Айғаным" тарихи-этнографиялық кешенінде болды,деп хабарлайды pm.kz.

Мұражай тарихы туралы Премьер-Министрге мемлекеттік кәсіпорынның директоры Уәлихан Құлбаев әңгімелеп берді.  "Айғаным" кешені – Уәлихановтар әулетінің қонысы, мұнда ұлы қазақ ғалымы, тарихшысы және саяхатшысы Шоқан Уәлихановтың әжесі тұрған. Мұражай кешені 19 ғасырда Айыртау ауданындағы Сырымбет шатқалында салынған.

1917 жылы қазан төңкерісінен кейін Айғаным мекені бұзылып тасталған, ол тек 1991 жылы Шоқан Уәлихановтың туғанына 150 жылдығына орай қалпына келтірілген. Мұражайда этнографтың өмірі мен қызметі туралы сыр шертетін 6530 экспонат бар.

Естеріңізге салсақ, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша  аймақтарды аралауды жалғастыруда. Бүгін Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!