ҚР Премьер-Министрі Петропавл әуежайының қайта жөнделу барысымен танысты

Фотография - ҚР Премьер-Министрі Петропавл әуежайының қайта жөнделу барысымен танысты

Петропавл әуежайы 1974 жылдан бері жұмыс істеп келеді.

140 0

ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде Петропавл әуежайының ұшу-қону жолағы мен жолаушылар терминалының реконструкциялануы барысымен танысты, деп хабарлайды pm.kz.

К.Мәсімов облыс әкімі Ерік Сұлтановпен бірге қала әуежайына барды. Облыс әкімінің орынбасары Петропавл халықаралық әуежайының ұшу-қону жолағы мен жолаушылар терминалының қайта жөнделу барысы туралы баяндады.  

Петропавл әуежайы 1974 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қайта жөндеуден өткен соң әуежай барлық типтегі жолаушылар ұшақтары мен жүк ұшақтарын қабылдайтын болады, бұл тұрақты жолаушылар тасымалының санын арттырып, транизиттік әуе рейстеріне қызмет көрсетуге, жүктерді әуе көлігімен тасымалдау үшін тұрақты бағыттар ашуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге салсақ, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша  аймақтарды аралауды жалғастыруда. Бүгін Үкімет басшысы жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барды. Сапар барысында Кәрім Мәсімов Ш.Уәлихановтың атажұртында болды.Бұдан бұрын ҚР Үкіметінің басшысы Ақтөбе, Қарағанды және Талдықорған қалаларының әуежайларында болған еді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!