Мәсімов Италиядағы поездар соқтығысуынан қаза болғандар отбасына көңіл айтты

Фотография - Мәсімов Италиядағы поездар соқтығысуынан қаза болғандар отбасына көңіл айтты

Соңғы мәліметтер бойынша, апат салдарынан 25 адам көз жұмған.

333 0

Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Италияның оңтүстігінде поездардың соқтығысуынан көз жұмғандардың отбасына көңіл айтты. Соңғы мәліметтер бойынша, апат салдарынан 25 адам көз жұмып, 50-ден аса адам зардап шеккен, деп жазады Today.kz министрлер кабинеті басшысының Twitter-дегі ресми акаунтына сілтеме жасай отырып.

"Премьер-министр @matteorenzi және поездардың қақтығысынан көз жұмғандар отбасына қайғыларыңызға ортақ екенімді айтып, қолдау білдіргім келеді", - деп жазған Кәрім Мәсімов.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!