Берік Камалиев ҚР инвестиция және даму вице-министрі болып тағайындалды

Фотография - Берік Камалиев ҚР инвестиция және даму вице-министрі болып тағайындалды

Мұның алдында ол "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ вице-министрі болған.

142 0

Берік Камалиев Қазақстан Республикасының инвестиция және даму вице-министрі болып тағайындалды, деп жазады Today.kz  ҚР ИДМ кадрлық жұмыс департаментінің директоры Марат Иғалиға сілтеме жасай отырып. Бұл туралы департамент басшысы өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасы үкіметінің жарлығы бойынша Берік Камалиев Қазақстан Республикасының инвестиция мен даму бойынша вице-министрі болып тағайындалды", - деп жазған Иғали.

Берік Камалиев 1960 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген, мамандығы бойынша инженер-құрылысшы. Осы уақытқа дейін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ вице-министрі болған. 

Естеріңізге салсақ, 12 шілдеде инвестиция және даму вице-министрі Альберт Рау ведомствода басқа қызметке тағайындалған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!