Қазақстан су тасқынына байланысты Моңғолияға гуманитарлық көмек жібереді

Фотография - Қазақстан су тасқынына байланысты Моңғолияға гуманитарлық көмек жібереді

Куәгерлердің сөзінше, төрт жасар бала мен ер адам табиғат апаты салдарынан көз жұмған.

531 1

Қазақстан Баян-Өлгий аймағындағы қатты су тасқынына байланысты Моңғолияға гуманитарлық көмек жібереді. Бұл туралы ҚР премьер-министрі Кәпім Мәсімов өзінің Twitter-аккаунтында мәлімдеді, деп жазады Today.kz.

"Мемлекет басшысы Н. А. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша #БаянӨлгийге (#Моңғолия) гуманитарлық көмек көрсетіледі", - деп жазды Мәсімов.

"Байкал Daily" басылымының жазуынша, Моңғолияның батыс аймағының орталығы Баян-Өлгийді су басты. Адам шығыны бар. 100 шақты үй бүлініп, 700 адам баспанасыз қалды.

"10 шілдеде 17:00 шамасында 15 минут бұршақ жауды. Бұршақтан кейін қаланың бір жағынан су көтеріліп 200 үйді қора-қопсысымен шайып кетті. Бұзылған бір үй астында төрт жасар бала қалды. Электр бағанасы құлап, тоқ ұрғаннан тағы бір ер адам көз жұмды", - дейді аймақ тұрғыны Мұратбек Бәдейұлы. 



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Ердуб 13 шіл. 2016

Не деген ак конилсиндер комектескен дурыс кой Алла ондай апаттан сактасын, бирак жомарттанып мактангершилик не керек биыл озимизде канша жерди су басып жатыр канша шыгын болып жатыр осы кишкене комекке озимиздин жетпеген азаматтарымыз канша соларды жарылкайык жомарттар

Жауап беру