Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Фотография - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

Елдің шығысы мен орталығында күн ашық.

289 0

Синптиктердің болжамынша бүгін Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найзағай онайды, жел соғады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, күндіз Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-22 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Алматы облысында жел соғады, шаңды дауыл көтеріледі.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей аудандарында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Жамбыл облысында екпіні 23 м/с дейін барады, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысында да жел соғады.

Маңғыстау облысын тұман басады. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан өңірлерінде аптап ыстық болады деп күтілуде. Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!