Назарбаев Тереза Мэйді Ұлыбритания премьері болуымен құттықтады

Фотография - Назарбаев Тереза Мэйді Ұлыбритания премьері болуымен құттықтады

Елбасы Мэйдің жаңа қызметінде табысты болуына тілектестік білдірді.

156 0

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Тереза Мэйге оның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің премьер-министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Today.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Нұрсұлтан Назарбаев Тереза Мэйді Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан құттықтады және екі елдің арасында берік қарым-қатынас орнағанын атап өтті.

"Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлауда Қазақстанның кандидатурасын қолдағанын еліміз жоғары бағалайды. Біз екі жақты серіктестікті екі мемлекет халықтарының игілігі жолында дамыта беруге әзірміз", – делінген жеделхатта.

Елбасы соңында Т. Мэйдің жаңа қызметінде табысты болуына, ал Біріккен Корольдік халқының өркендей беруіне тілектестігін білдірді. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!