Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбырлы күн райы сақталады

Фотография - Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбырлы күн райы сақталады

Қазақстанның тек батысы мен оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады

131 0

Бүгін Республикамыздың тек батысы мен оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұршақ болуы ықтимал, күндіз кей жерлерде жел күшейеді.

Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде, Алматы, Павлодар облыстарында, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел күшейеді, бұршақ жауады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында аптап ыстық болады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Атырау облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі жоғары.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!