ҚР Премьер-Министрі XI АСЕМ саммитінің ашылу салтанатына қатысты

Фотография - ҚР Премьер-Министрі XI АСЕМ саммитінің ашылу салтанатына қатысты

Саммит аясында К.Мәсімов пленарлық сессияларға қатысты.

208 0

Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Моңғолия астанасы Ұлан-Батырда өтіп жатқан Еуропа және Азия елдерінің XI саммитінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлады pm.kz.

Саммитке 53 елдің өкілдері қатысады. АСЕМ бейресми өңіраралық диалог алаңы болып табылады, оның аясында түрлі облыстардағы қатысушы елдердің ынтымақтастығы жүзеге асырылады.

Саммит аясында К.Мәсімов пленарлық сессияларға қатысты. Сондай-ақ, К.Мәсімов Моңғолия, Финляндия және Румыния премьер-министрлерімен кездесулер өткізді, олардың барысында екі жақты ынтымақтастықтың экономикалық және сауда мәселелері талқыланды.

Саммит қатысушылары жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыстың салдарын жою, дәстүрлі және жаңа сын-қатерлерге қарсы іс-қимыл, ЖҚҚ таралмауы, энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тұрақты даму, климаттың өзгеруі, экология, мәдени байланыстарды ілгерілету және басқа да бағыттарды талқылайды.  

Естеріңізге салсақ, алдында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша К.Мәсімов Моңғолияның ең үлкен қазақ диаспорасы тұратын Өлгей қаласына барған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!