Елбасы Франция Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Фотография - Елбасы Франция Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтаса отырып, барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Ф.Олландқа көңіл айтты.

176 0

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Франция Президенті Франсуа Олландқа Ницца қаласында болған террорлық актіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Today.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеделхатта Қазақстан Президенті 14 шілдеде Ницца қаласында болған террорлық акт салдарынан көптеген жазықсыз адамның қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

"Қазақстан терроризмнің кез келген түрін қатаң айыптайды, қандай мақсатта болса да жазықсыз қан төгуді ақтауға болмайды деп санайды", - делінген жеделхатта.

Нұрсұлтан Назарбаев қайғыға ортақтаса отырып, барша қазақстандықтардың және жеке өзінің атынан Ф.Олландқа, қаза болғандардың отбасыларына және жақындарына, сондай-ақ француз халқына көңіл айтты.

Елбасы зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Ниццадағы терактіге байланысты  ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов те  көңіл білдірген болатын.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!