Қазақстандық полицейлер ұсталған балаларға аяушылық танытпайды

Фотография - Қазақстандық полицейлер ұсталған балаларға аяушылық танытпайды

Балалардың жартысына ғана құқықтық көмек ұсынылды.

1113 0

Қазақстанда полиция тұтқандалған балаларға қатаңдық танытады. Бұл туралы Астанадағы қоғамдық тыңдау барысында Халықаралық түрме реформасының (PRI) аймақтық директоры Азамат Шамбілов мәлімдеді, деп жазады Today.kz.

"Мен мысал келтірейін. Полиция учаскесінде ұсталған балалардың жартысына ғана құқықтық көмек ұсынылған. Балалардың 10 пайызы учаскеде үш-төрт күн отырған, ал 21 пайызы бес күннен артық. Алты қыздың төртеуі олардың жасы үлкен ер адамдар немесе әйелдермен бірге отырғанын айтқан. 55 пайызы полицияның аяусыз ұрғандығын айтады. Сауалнама алынған балалардың төрттен бірі оларға тіл тигізгенін айтқан", - деді Шәмбілов.

Оның айтуынша, Қазақстанда PRI ұйымы соңғы екі жылда "Баланың үні" атты зерттеу жүргізген. Оның есебі бойынша полиция тарапынан балаларға зорлық көрсетуі туралы мол ақпарат жинақталған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!