Қазақстанда террористік қауіптің сары деңгейінің мерзімі бір айға ұзартылды

Фотография - Қазақстанда террористік қауіптің сары деңгейінің мерзімі бір айға ұзартылды

Бұл туралы ҚР ҰҚК сайтында көрсетілген.

826 0


Қазақстанда террористік қауіптің сары деңгейінің мерзімі ұзартылды, деп жазады Today.kz ҚР ҰҚК сайтына сілтеме жасай отырып.

"Қазақстан Республикасы Антитеррор орталығы 2016 жылғы 16 шілдеден еліміздің барлық аумағында бірқалыпты ("сары") террористік қауіптілік деңгейінің әрекет ету мерзімі 30 тәулікке созылатыны жөнінде хабардар етеді", - делінген хабарламада.

Шешімді Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы  Қазақстан Республикасы Президентінің  2013 жылғы 9 тамыздағы № 611 "Терроризм актісі қатерінің туындауы туралы ақпарат мониторингінің және халықты хабардар етудің мемлекеттік жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуі қағидаларын бекіту туралы" Жарлығы талаптарына сәйкес қабылдады. 

Терористік қауіптің сары деңгейі Қазақстанда 6 маусымда енгізілген. Бұл Ақтөбедегі антитеррорлық операцияны жүргізумен байланысты болған. 5 маусымда Ақтөбеде қауіптің қызыл деңгейі жарияланған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!