Қазақстанның бас санитарлы дәрігері ет таңдауда кеңестер берді

Фотография - Қазақстанның бас санитарлы дәрігері ет таңдауда кеңестер берді

Етке қарап оның ауру малдың етіма, жоқ па, анықтау мүмкін емес.

206 0

ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да сібір жарасы анықталған аймақтардағы жағдай талқыланған брифинг өтті, деп жазады Today.kz.

Брифинг барысында Қазақстанның мемлекеттік бас саитарлы дәрігері Жандарбек Бекшин ауру малдың етіне ұрынып қалудан көмектесетін ұсыныстармымен бөлісті.

"Етті базарлардан, сауда кәсіпорындарынан, дүкендерден алу керек. Етке қарап оның ауру малдың етіма, жоқ па, анықтау мүмкін емес. Егер етке күдігіңіз болса, зертхана көмегіне жүнгінген жөн. Сатып алынған етті де жақсылап қайнату (екі сағаттан кем емес), қуыру керек. Қайнатқан кезде ет кесектері 500 граммнан аспауы қажет. Малды сояр алдында, сойып болған соң тексеру керек және қорғаныс заттарын – биялай қолдану қажет", - деді Бекшин.

Қазақстанда 8-ші маусымнан 8-ші шілдеге дейін сібір жарасын жұқтырудың 16 фактісі тіркелген.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!