ҚР СІМ Түркияда жүрген Қазақстан азаматтарын сақтық пен сабырға шақырды

Фотография - ҚР СІМ Түркияда жүрген Қазақстан азаматтарын сақтық пен сабырға шақырды

Жағдай анықталғанға дейін адам көп шоғырланатын орындардан аулақ жүрген абзал

173 0

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі Түркиядағы жағдайға қатысты түсініктеме берді. 

"16 шілдеге қараған түнде Түркияда орын алған оқиғаларға орай бауырлас елдің аумағындағы барлық Қазақстан азаматтарын сабырлық пен сақтық сақтауға шақырамыз.Жағдай анықталғанға дейін адам көп шоғырланатын орындардан аулақ жүріп, аса қажеттілік туындамаған жағдайларда көшеге шықпаған және мүмкіндігінше тез арада туыстары мен жақындарына хабарласқан абзал",-деп хабарлаған баспасөз қызметі. 

Жақын арада Түркияға жасайтын сапарларды жоспарлағанда ҚР СІМ мен басқа да өкілетті мемлекеттік органдардың және тасымалдаушы компаниялардың соңғы ақпаратын тексерген дұрыс. 

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайларда Қазақстанның Түркиядағы дипломатиялық және консулдық мекемелерінде ашылған "жедел телефон желісіне" хабарласуға болады:
- ҚР Елшілігі (Анкара қ.): +90-533-600-6092,
- ҚР Бас консулдығы (Ыстанбұл қ.): +90-542-471-2211,
- ҚР Консулдығы (Анталья қ.): +90-535-418-3532. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!