Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбырлы болады

Фотография - Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбырлы болады

Батыс, оңтүстік, және оңтүстік-шығыста күн жауын-шашынсыз болады.

337 0

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай болып, жел күшейеді, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК ресми сайты.

Батыс, оңтүстік, және оңтүстік-шығыста күн жауын-шашынсыз болады.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұршақ болуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Жамбыл, Қызылорда, облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.

Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.

Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан,

Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейеді, бұршақ болуы ықтимал.

Атырау, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарында, Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық жүреді.


Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!