Бүгін Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынды

Фотография - Бүгін Қазақстанның басым аумағында жауын-шашынды

Тек Республикамыздың батысында, оңтүстік- батысында күн ашық болады.

452 0

Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар,Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман түседі. Бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Алматы, Ақтөбе облыстарында, күндіз Жамбыл,Оңтүстік Қазақстан,Қызылорда облыстарының кей жерлерінде найзағай болады, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Атырау, Маңғыстау облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды, Атырау облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!