Алматыдағы оқиғаларға байланысты Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі отырысн өткізуде

Фотография - Алматыдағы оқиғаларға байланысты Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі отырысн өткізуде

Бұл туралы Ақорданың Twitter-дегі аккаунтінде хабарланған.

482 0

Алматыдағы оқиғаларға байланысты Қазақстан Президенті Қауіпсіздік кеңесінің жедел отырысын өткізуде, деп хабарлайды Today.kz Ақорданың Twitter-дегі аккаунтіне сілтеме жасап.

Естеріңізге салсақ, Алматыда террористік қауіптің қызыл деңгейі енгізілді. Қалада антитеррористік операция жүруде. ҚР ІІМ-нен хабарлағандай, Алматы АІІБ-не шабуыл кезінде кезекші жараланған, ал қылмыскер автоматты алып кеткен. Алдын ала мәлімет бойынша, ол бұрын сотталған 27 жасар Қызылорда облысының тумасы. Ол өткен демалыс күндері әйел адамды өлтірді деп күдікке ілінген. Қалада "Сирена" жедел жоспары жүргізілуде. Барлық полиция қызметкерлері қылмыскердің сыбайласын іздестіруге жұмылдырылды.

Алматыдағы жағдайға байланысты ҚР қару мен оқ-дәрі сақталатын мекемелердің күзеті күшейтілді. Сонымен бірге Алматының әр жерінде адамдар кепілге алынды деген ақпарат жоққа шығарылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!