Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбырлы күн райы сақталады

Фотография - Бүгін Қазақстанның басым аумағында жаңбырлы күн райы сақталады

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлайды.

196 0

19 шілде күні атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай болып, жел күшейеді, тек батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, бұршақ болуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Павлодар, облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, кей жерлерде тұман болады, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысында найзағай күтіледі, бұршақ болуы ықтимал, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Жамбыл, Ақтөбе облыстарында күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, шаңды дауыл болады. Маңғыстау, Атырау облыстарында, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі. Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!