К. Мәсімов "Бәйтерек" холдингінің директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Фотография - К. Мәсімов "Бәйтерек" холдингінің директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Директорлар кеңесі "Бәйтерек" Холдингінің 2014-2018 жылдарға арналған түзетілген Дамыту жоспарын бекітті.

334 0

ҚР Премьер-Министрі, директорлар кеңесінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды pm.kz.

Күн тәртібінде холдингтің компаниялар тобын одан әрі дамытуға қатысты бірқатар мәселелер қаралды.

Директорлар кеңесі "Бәйтерек" Холдингінің 2014-2018 жылдарға арналған түзетілген Дамыту жоспарын бекітті.

"Дамыту жоспарын түзетудің негізгі себептері Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес 2016-2017 жылдары экономикалық өсімді ынталандыру және жұмыспен қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларды жүзеге асыру, тұрғын үй құрылысына кепілдік беру бағдарламасын іске асыру болып табылады", - деп түсіндірді АҚ басқарма төрағасы.

Сондай-ақ директорлар кеңесі Холдингтің 2014-2018 жылдарға арналған Дамыту жоспарын орындау туралы есептерді, 2015 жылға Жылдық бюджетті, 2015 жылға Жылдық есепті бекітті, сонымен қатар ағымдағы бірқатар мәселелерді қарады. 




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!