Терактілердің қайталану қаупі бар - Қарин

Фотография - Терактілердің қайталану қаупі бар - Қарин

Саясаттанушы Қазақстанның барлық арнайы қызметтеріне сараптама жүргізу керек деп есептейді.

1256 0

Алматы мен Ақтөбеде болған терактілер қайталануы мүмкін деп есептейді саясаттанушы Ерлан Қарин. Бұл туралы Қазақстанның стратегиялық зерттеу институтының директоры Астанада ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты кезінде айтты, деп хабарлайды Today.kz

"Алматыдағы оқиғалар теракт немесе қылмыстық акция ретінде қаралама, ол бөлек мәселе. Менің сарапшы ретінде жеке пікірім, Алматы мен Ақтөбеде болған оқиғаларға ұқсас жағдайдың қайталану қаупі бар. Жағдайды ғана сараламай, осыған әкелген себептер мен факторларды сараптап, осындай қауіпке әрекет ету нәтижелілігін арттыру мақсатында барлық арнайы қызметтерге де сарапатама жүргізу керек", - деді Қарин. 

Мұның алдында өзге қазақстандық саясаттанушы - Досым Сәтпаев – Алматыда болған оқиғалар жайында өз пікірін білдірген. Оның ойынша, "барлығымыз да әскери қимыл алаңындамыз".

Алматыдағы теракт 18 шілде күні болды. АІІБ мен ҮҰҚ департаментіне шабуыл жасалған болатын. Қалада террористік қауіптің қызыл деңгейі жарияланып, кешкісін алынып тасталды.

Кеше Ақордада Қауіпсіздік кеңесінің отырысы өткен болатын. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев көз жұмғандар мен жараланғандар отбасына көңіл білдірді. Ол үрей салатын сыбыстардың "қатаң алдын алуды" және арандатушыларды анықтауды тапсырды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!