Бүгін Қазақстанның басым аумағында күн жауынды

Фотография - Бүгін Қазақстанның басым аумағында күн жауынды

Алматы облысында жел күшейеді.

124 0

Бүгін атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республикамыздың басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай болып, жел күшейеді, кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал. Тек батыста және солтүстік-батыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 17-22 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында түнде және тәңертең кей жерлерінде тұман болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде түман болады, жел 15-20 м/с-ға күшейеді, бұршақ болуы ықтимал.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Түнде және тәңертең Оңтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде түнде және тәңертең тұман болады.

Алматы, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Жамбыл, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.


Тегтер:

жауынды күн

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!