Бүгін Қазақстанның басым аумағында жауынды күн райы сақталады

Фотография - Бүгін Қазақстанның басым аумағында жауынды күн райы сақталады

Тек еліміздің оңтүстік-батысында күн ашық

191 0

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ түсуі мүмкін. Тек еліміздің оңтүстік-батысында күн ашық, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Қазгидрометтің мәліметінше, Алматы, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұршақ жауады, желдің жылдамдығы 15-22 м/с дейін күшейеді. Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында жел тұрады. Қызылорда өңірінде жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі.

Қостанай облысының кейбір ауданында тұман түседі, күндіз жел күшейеді. Павлодар облысының кей аймағында бұршақ түсуі ықтимал, тұман басып, жел тұрады деп күтілуде. Солтүстік Қазақстан өңірінде тұман түседі.

Ақмола облысында –тұман, жел, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Шығыс Қазақстанда жел күшейіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық күтіледі. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!