Прокурорлар мен азаматтар өзге ғаламшарлықтай бір-бірін түсінбейді - Асанов

Фотография - Прокурорлар мен азаматтар өзге ғаламшарлықтай бір-бірін түсінбейді - Асанов

Бүгін Бас Прокурор Жақып Асановтың төрағалығымен Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті.

669 0

Бас Прокурор Жақып Асанов әріптестерінің азаматтар шағымына әрекет етуге қатысты жұмыстарын сынады. Оның ойынша, прокурорлар түсініксіз сөйлейді, қолдау таппаған адамдар өз арыздарымен ары қарай БАҚ өкілдеріне, мемлекеттік емес және халықаралық ұйымдарға барады, деп хабарлайды Today.kz.

Әрбір арыз – жан айқайы, деп әіптестеріне ой салғысы келді Жақып Асанов. Мемлекетке деген сенім  азаматтар арызын қарау сапасына қатысты дейді ол.

"Әрбір азамат біздің жақтас болатындай ету керек. Заң бойынша бас тартуға тура келген кезде де. Бәрі де біздің тіліміз бен көнідре алуымзға байланысты. Тым мәнерлі сөйлемдер. Құрғақ сілтемелер. Қатаң тіл. Адамдар біздің жауапты түсінбейді. Біз түрлі ғаламшардан келгендейміз. Мұны қалай түзеуге болады? Жауапты адам тілімен қайтару қажет. Тіпті сауатсыз адам да түсіну керек бізді. Арыздың байыбына бару керек. Әрине, кейде адамға не қажет екені түсініксіз. Эмоция басым, ал дәлел жоқ болады. Сондықтан біз өз талаптары мен арыздарын дұрыс жеткізетіндей шаблондар даярладық", - дейді бас прокурор.

Жақып Асанов халықпен өзара тығыз іс-қимылды орнатудың, тұрғындарды әртүрлі ақпараттық-анықтамалық материалдармен қамтамасыз етудің маңыздылығын атап көрсетті.

Атап айтқанда, прокурордың 100 практикалық кеңесін жарыққа шығару көзделіп отыр, бұл әртүрлі өмірлік жағдайлар бойынша нақты ұсыныстардан құралады.

Айта кетейік, бүгін Бас Прокурор Жақып Асановтың төрағалығымен Бас прокуратураның кеңейтілген алқа мәжілісі болып өтті. Алқада 2016 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары талқыланып, алдағы кезеңге арналған маңызды міндеттер айқындалады.

Мәжіліске Парламент депутаттары, Бас прокуратураның жанындағы Консультативтік кеңестің мүшелері және Президент Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері қатысты.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!