ҚР Президенті Аян Ғалиевтің отбасына пәтер беруді жеке тапсырды

Фотография - ҚР Президенті Аян Ғалиевтің отбасына пәтер беруді жеке тапсырды

Отбасы жаңа үйге тамыздың аяғында кіре алады.

575 0

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан 18 шілдеде көз жұмған полицей Аян Ғалиевтің отбасына пәтер кілтін табыстады, деп жазады Today.kz.  сондай-ақ, отбасына жөндеу жұмыстары мен жаңа пәтерге орналасуға көмек көрсетіледі.

"Бұл мемлекет басшысының жеке тапсырмасы, кілтті сол кісінің атынан тапсырамын. Сіздің ұлыңыз батылдық жасады, ол – батыр, қаншама адамды аман алып қалды. Оның артында балалары қалды, біз оларға көмегемізді береміз. Бір ай ішінде қажетті жөндеу жасалады, сіздер көшіп келе алатындай. Бекем болыңыздар!" – деді әкім.

Сонымен бірге, Байбек Аян Ғалиевтің отбасы пәтер алған ауданда жаңа балабақшалар мен мектептер, емханалар ашылып жатқанын, балалар бара алатын Универсиаданың спорт нысандары тұрғызылып жатқандығын айта кетті.

Ғалиевтер отбасы мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған үйден алғашқылардың бірі болып пәтер алды. Тұрғындар өз пәтерлеріне тамыз айының аяғында кіреді.

"Мемлекет басшысына, барлық халыққа алғысымды білдіргім келеді. Бізді қолдап жатыр, қайғымызды бөлісуде. Бүкіл отбасымның атынан алғыс білдіремін. Ағамның әйеліне үй кілтін табыстады, өте жақсы үй, бәріне ұнады. Оның балалары осында ұзақ жасасын, бақытты болсын, әкесінің армандағанына жетсін. Елінің патриоттары болып өсссін", - дейді көз жұмған полицейдің інісі Саян Ғалиев.

Айта кетейік, Ғалиевтер отбасы баспанасының болмау себебінен 10 жылдай туыстарының үйінде тұрып келген.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!