Бүгін Қазақстан аумағында жауында күн райы сақталады

Фотография - Бүгін Қазақстан аумағында жауында күн райы сақталады

Маңғыстау, Қарағанды облыстарында аптап ыстық сақталады.

241 0

Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен найзағай ойнап, желдің ұйтқуымен жауын-шашынды ауа райы сақталады, кей жерлерде тұман түсіп, бұршақ жаууы күтіледі, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, түнде Алматы облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-22 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында да  жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Павлодар облысында кей жерлерде бұршақ түседі. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түседі.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысында тұманды болып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз бұршақ түсуі мүмкін.

Маңғыстау, Қарағанды облыстарында аптап ыстық сақталады.

Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі бар.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!