Бүгін Республиканың басым бөлігі жаңбырлы болады

Фотография - Бүгін Республиканың басым бөлігі жаңбырлы болады

Тек оңтүстік, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

131 0

Атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты 24 шілде күні Қазақстан аймақтарының басым бөлігінде жаңбыр жауады, найзағай болып, жел күшейеді, кей жерлерінде тұман күтіледі, бұршақ болуы ықтимал.

Тек оңтүстік, оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК хабарлады.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, түнде Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-22 м/с күшейді. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с күшейеді. Павлодар облысының кей жерлерінде бұршақ күтіледі, жел 18 м/с күшейеді, түнде тұман болады. Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшеюі күтіледі, күндіз бұршақ болуы ықтимал. Ақмола, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Алматы облысында, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында өте жоғары өрт қауіпі сақталады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!