Бүгін Қазақстанның басым басым бөлігінде жауын түсіп, бұршақ жауу да ықтимал

Фотография - Бүгін Қазақстанның басым басым бөлігінде жауын түсіп, бұршақ жауу да ықтимал

Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн ашық.

244 0

Республикамыздың басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты күн жауын-шашынды болады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, кей жерлерде тұман түсіп, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн ашық.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында, түнде Маңғыстау облысының кей ауданында желдің жылдамдығы 15-22 м/с дейін барады. Күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде жел соғып, шаңды дауыл көтеріледі. Түнде Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, жел күшейеді.

Павлодар облысының кей аймағында бұршақ түседі деп күтілуде, желдің жылдамдығы 18 м/с дейін жетеді, түнде тұман басады. Шығыс Қазақстан облысында жел тұрып, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Ақмола, Қарағанды өңірлерінде тұман түседі. Алматы, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!