Мұхамедиұлы режиссер Жәнібековке қатысты арзызын алып тастаудың шарттарын айтты

Фотография - Мұхамедиұлы режиссер Жәнібековке қатысты арзызын алып тастаудың шарттарын айтты

Ол үшін Режиссер өзінің қателігін мойындау керек.

772 0

ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық режиссер Талғат Жәнібеков көпшілік алдында айтқанының дұрыс емес екенін мойындап, кешірім сұраған жағдайда арызынан бас тартуға дайын, деп хабарлайды Today.kz.Министрдің қорғаушысы Ескендір Әлімбаев Ғаламторда осы ойларын айтқан бейнежазбаны орналастырды.

"Егер Жәнібеков мырза көпшілік алдында Мұхамедиұлына қатысты таратылған мәліметтің бәрі нақтыланбаған және шындыққа үйлеспейтінін мойындаса, осы сөзін БАҚ арқылы таратса, Мұхамедиұлы соттан өз арызын қараусыз қалдыруды сұрауға дайын", - дейді Алматы қалалық адвокаттар коллегиясының қорғаушысы Ескендір Әлімбаев.

Сонымен бірге қорғаушы Арыстанбек Мұхамедиұлына моральдық зиян келтірген айыптардың барлығы "құр сөз екенін, оның намысқа тиетінін және ашық жала" екендігін айтады.

Естеріңізге салсақ, Талғат Жәнібеков өзі түсіріп жатқан "Феникс" фантастикалық көркем фильмі Мұхамедиұлының кесірінен заңсыз "тоқтатылған" дейді. Жәнібеков Желіде хабарлама таратып, онда ол "ұрлық жүріп жатқанын және оған Серік Жұбандықов ("Қазақфильм" АҚ ұлттық продюссерлік орталық директоры) мен Арыстанбек Мұхамедиұлы қатысты" деген болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!