Елбасы Си Цзиньпинге су тасқынына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Фотография - Елбасы Си Цзиньпинге су тасқынына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті ауыр қайғыға ортақтаса отырып, дүлей апаттан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

345 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинге елде болған су тасқынына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекет басшысы Қытайдың бірқатар провинциясында көптеген адамның өмірін алып кеткен су тасқыны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

Қазақстан Президенті ауыр қайғыға ортақтаса отырып, дүлей апаттан қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев су тасқыны салдарын тезірек жойып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!