Қазақстанда дизель отынының бағасы еркін айналымға жіберілмек

Фотография - Қазақстанда дизель отынының бағасы еркін айналымға жіберілмек

Сәйкес жарлық энергетика министрлігінің сайтында орналастырылған.

437 0

ҚР энергетика министрлігінде Қазақстанда дизельдік отын бағасына еркін айналымға жіберетіндігін ресми түрде қуаттады, деп жазады Today.kz. Дегенмен, энергетика вице-министрі Әсет Мағауов жанармай бағасының 115 теңгден аспайтындығын айтады.

"Біз расымен осындай бастама көтеріп отырмыз. Бұған әсер ететін фаткорлар көп. Біріншіден, көрші елдермен бағаларымыздың тым алшақ болуы. Ресейде – 185 теңгедей болады, Қырғызстанда – 160 теңгедей, ал бізде 99 теңге.  Сәйкесінше, шегаралық аудандарда жанармай тұтыну көбірек болады", - дейді Мағауов.

Мағауовтың сөзінше,  көрші елдер жүргізушілері Қазақстанда жанармай құйып, үлкен көлемде алып шығып жатады. Идея авторларының пікірінше, бағаны ұстап тұру шарасынан бас тарту, дизель отынының дефицитін және жанармай станцияларындағы үлкен кезектердің алдын алмақ.

Естеріңізге салсақ, бағаны ұстап тұру шарасынан бас тарту жоспары туралы 20 шілдеде белгілі болды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!