Бүгін Қазақстанның кей аймақтарында бұршақ жаууы ықтимал

Фотография - Бүгін Қазақстанның кей аймақтарында бұршақ жаууы ықтимал

Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-батысында күн ашық.

302 0

Бүгін ел аумағының басымбөлігінде  атмосфералық ағымдардың өтуінен жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел соғады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК..

Қазгидрометтің болжауынша, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады. Алматы, Жамбыл облыстарының кейбір аудандарында жел тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан, Павлодар өңірлерінде де жел күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі деп күтілуде. Қарағанды облысында жел соғып, тұман түседі, бұршақ жаууы ықтимал. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел тұрып, күндіз бұршақ түсуі мүмкін. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!