Б.Сағынтаев алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді

Фотография - Б.Сағынтаев алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізді

Нысандарды 2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымына дайындау коммуналдық қызметтермен келісілген кестелерге сәйкес жүзеге асырылуда.

133 0

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев алдағы жылу беру маусымына дайындық мәселелері бойынша селекторлық кеңес өткізді, деп хабарлады pm.kz.

Нысандарды 2016-2017 жылдардағы жылу беру маусымына дайындау коммуналдық қызметтермен келісілген кестелерге сәйкес жүзеге асырылуда. 2 энергоблокты, 16 қазандықты және 12 турбинаны жөндеу аяқталды. Жылумен қамтамасыз ету желілерінің әзірлігі 54%, электрмен жабдықтау – 55%, білім беру нысандары - 65%, денсаулық сақтау нысандары – 64%, тұрғын үйлер – 46% құрайды.

Бақытжан Сағынтаев айтып өткендей, қазандықтарды дайындау бойынша жұмыстардың төмен қарқындары Алматы облысында (32%), жылу желілері бойынша – Оңтүстік Қазақстан облысында (40%), білім беру нысандары бойынша – Алматыда (29%) байқалуда.

Қуаты 100Гкал/сағ дейінгі жылу көздерінде отынға сұраныс алдағы жылу беру маусымына 1 953 мың тонна көмірді  және 196 мың  тонна мазутты құрайды. Оған қоса, 525 мың тонна көмір және 79 мың  тонна мазут дайындалып қойылды.

Кеңес қорытындысы бойынша Бақытжан Сағынтаев энергетика, ұлттық экономика, білім және ғылым, денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктеріне нысандарды алдағы жылу беру маусымына дайындау барысын тұрақты түрде бақылауды жүзеге асыруды тапсырды.

Облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктеріне барлық жөндеу науқандарын толық орындау, коммуналдық сектор мен әлеуметтік сала нысандарының жылу беру маусымына уақытылы дайындау, әкімдердің орынбасарларына жеке жауапкершілік арту, сондай-ақ коммуналдық қызметтерге дебиторлық қарызды төмендету және ағымдағы қарыздың артуына жол бермеу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!