Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауынды күн райы сақталады

Фотография - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауынды күн райы сақталады

Алматы облысында кей жерлерде күн күркіреп, найзағай ойнайды.

175 0

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде 1 тамызда найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады, жел тұрады, кейбір жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ кей жерлерде тұман түсуі ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Ақмола, Қостанай облыстарында кей жерлерде күн күркіреп,  найзағай жарқылдайды тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

 Батыс Қазақстан, Қарағанды, күндіз Жамбыл, Атырау облыстарында кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетуі ықтимал. 

Алматы облысында кей жерлерде күн күркіреп, найзағай ойнайды.
Павлодар облысында кей жерлерде жел күшейіп, жылдамдығы15-20 м/с-қа жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай жарқылдап, тұман түседі, күндіз кей аудандарда жылдамдығы 15-20 м/с. жел тұрады. Бұршақ жаууы ықтимал.
Атырау, Батыс Қазақстан, сондай-ақ Ақтөбе мен Маңғыстау облысының кей жерлерінде аптап ыстық күтілуде.

Қызылдорда облысының басым бөлігінде, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде өрт шығу қаупі аса жоғары.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!