Қ.Мәми Жоғарғы Сот департаментінің жаңа басшысын таныстырды

Фотография - Қ.Мәми Жоғарғы Сот департаментінің жаңа басшысын таныстырды

Жаңа қызметке Абай Тоқсаба тағайындалды.

433 0

ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Мәми Жоғарғы Соттың судьялары мен аппаратына Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің жаңа басшысын таныстырды, деп хабарлайды Жоғарғы соттың баспасөз қызметі.

А.Тоқсаба 1960 жылы дүниеге келген. Алматы халық шаруашылығы институтын, Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін тәмамдаған. Экономист, заңгер, экономика ғылымдарының кандидаты.

Жоғарғы Кеңес Аппаратының Қаржы-шаруашылық істері басқармасының сектор меңгерушісі, Сенат Аппаратының Өңірлік даму және жергілікті өзін-өзі басқару комитетімен өзара байланыс жасау бөлімінің, Әкімшілік бөлімінің меңгерушісі, Аппарат Басшысының орынбасары, Ұйымдастыру-бақылау және кадр, Редакциялық-баспа бөлімдерінің меңгерушісі болып қызмет атқарған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!