Берік Уәли ҚР Инвестиция және даму министрінiң кеңесшiсi қызметіне тағайындалды

Фотография - Берік Уәли ҚР Инвестиция және даму министрінiң кеңесшiсi қызметіне тағайындалды

Бұл туралы министр Жеңіс Қасымбек Фейсбуктегі парақшасында жария етті.

202 0

Берік Уәли ҚР Инвестициялар және даму министрінiң кеңесшiсi және қоғаммен байланыс бөлiмiнiң меңгерушiсi болып тағайындалды. Бұл туралы министр Жеңіс Қасымбек Фейсбуктегі парақшасында жария етті.

"Танымал тележурналист, қоғам белсендiсi Берік Уәли ҚР Инвестициялар және даму министрлігiне жұмысқа келiп жатыр. Берiк Уәли бүгiннен бастап министрдiң кеңесшiсi әрi қоғаммен байланыс бөлiмiнiң меңгерушiсi болып тағайындалды", деп жазды ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек.

Оның айтуынша, министрлiкте Ақпараттық қамтамасыз етумен айналысатын арнайы департамент құрылуда. Алдағы уақытта министрлiк осы департамент арқылы қоғаммен байланысты күшейтудi көздеп отыр.

Берiк Уәли журналистика саласында жинаған тәжірибесін соңғы жылдары мемлекеттік қызметте де тиімді ұштастырып келеді. ОҚО әкімі аппараты басшысының орынбасары - баспасөз қызметiнiң басшысы, ОҚО ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы, "Нұр Отан" партиясы Төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі қызметтерін абыроймен атқарған.

"Өз кезегімізде Берік Уәлиді жаңа қызметімен құттықтап, министрліктің жұмысын халыққа жақындатуға бағытталған игі істердің бастамашысы болады деп сенемiз", деп жазды Жеңіс Қасымбек.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!