Биыл елімізде 380 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды - ҚР БҒМ

Фотография - Биыл елімізде 380 мың бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды - ҚР БҒМ

Ел аймақтарына оқу әдебиеті тамыздың 1 мен 16 аралығында жеткізіліп, тамыздың 25 дейін барлық мектептер оқулықтармен қамтамасыз етіледі.

192 0

2016 жылдың қыркүйегінде 380 265 бірінші сынып оқушылары қазақстандық мектептердің табалдырығын аттайды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі мәлімдеді.

Министрлік 2016-2017 оқу жылына арналған оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен уақытылы және толық қамтамасыз ету бойынша нақты іс-шараларды қолға алды. Қазіргі таңда оқулықтарды басып шығару және жеткізу жалғасуда

Ел аймақтарына оқу әдебиеті тамыздың 1 мен 16 аралығында жеткізіліп, тамыздың 25 дейін барлық мектептер оқулықтармен қамтамасыз етіледі.

Еліміздің мектептерінде жаңартылған мазмұнды біртіндеп енгізу үдерісінің басталуына байланысты 1-сыныпқа арналған жаңа оқулықтар әзірленді.

Бес баспаның шығарған оқулықтары ("Алматыкітап баспасы" ЖШС – "Обучение грамоте", "Қазақ тілі" (орыс мектептеріне арналған), "Орыс тілі" (қазақ мектептеріне арналған), "Музыка"; "Атамұра" корпорациясы" ЖШС – "Сауат ашу", "Көркем еңбек"/"Художественный труд"; "Мектеп" – "Математика", "Жаратылыстану/"Естествознание", "Дүниетану"/"Познание мира" (жасаушы – НЗМ); "Бөбек" ҰҒПОСО – "Өзін өзі тану"/ "Самопознание", "Express Publishing" ЖШС – "Ағылшын тілі") республикалық сараптаманың барлық кезеңдерінен өтіп, білім мекемелеріне қолдануға рұқсат етілетін оқу әдебиеттері тізіміне қосылды. 1-сыныпқа арналған барлық оқулықтар ұйғыр, өзбек, тәжік тілдеріне аударылды (ұлттық мектептер үшін).




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!