Ақтөбедегі терактіден кейін 22 полиция қызметкері жазаланды

Фотография - Ақтөбедегі терактіден кейін 22 полиция қызметкері жазаланды

Бұрынырақ хабарланғандай, Ақтөбе облсысы ІІД бастығының бірінші орынбасары ауыстырылды

411 0

5 маусымдағы терактіден кейін Ақтөбе облысы ІІД-нің 22 қызметкері түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды. ҚР ІІМ-нің Today.kz редакциясының ресми сұранысына берген жауабында, министрліктің жеке қауіпсіздік департаменті террористік шабуыл кезіндегі полицияның уақытылы және сапалы әрекет етуін бағалау мақсатында тергеу жүргізді.

"Нәтижесінде, облыстық ІІД бастығының бұйрығымен 20 шілдеде 19 қызметкер түрлі тәртіптік жазаға тартылды. Сонымен бірге, ІІМ-нің 27 маусымдағы бұйрығымен Ақтөбе облысы ІІД-нің үш қызметкеріне түрлі тәртіптік жаза қолданылды", - делінген хабарламада.

Бұрын хабарланғандай, Ақтөбе облсысы ІІД бастығының бірінші орынбасары ауыстырылды. Рахат Ақанов кадрлық резервке тіркеліп, оның орнына Серік Сейсенбин келген болатын.

Естеріңізге салсақ, 5 маусымда Ақтөбеде салафизмді жақтаушы бір топ адам теракт жасаған. Олар екі қару дүкеніне және ҚР ІІМ Ұлттық ұланның әскери бөліміне шабуыл жасады. Теракт нәтижесінде жеті адам, оның ішінде үш әскери көз жұмды. 18 қылымыскердің көзі жойылды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!