Димаш Досанов «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры болып тағайындалды

Фотография - Димаш Досанов «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры болып тағайындалды

Суретте Димаш Досанов. Фото: kazinkom.kz

Бұған дейін ол Қазақстанның ең ірі мұнай тасымалдау компаниясының бас директорының бірінші орынбасары болған.

1201 0

"КазТрансОйл" АҚ басшылығы ауысты, деп хабарлайды Today.kz тілшісі. Бұл туралы мұнай тасымалдаушы компанияның қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар жөніндегі қызметі мәлімдеді.  

 «ҚазТрансОйл» АҚ-ның директорлар кеңесінің 2016 жылдың 5 тамызындағы шешімімен «ҚазТрансОйл» АҚ-ның бас директоры Нұртас Шмановтың өкілеттілігі оның 2016 жылғы 1 тамызда «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның аға вице-президенті болып тағайындалуына байланысты мерзімінен бұрын тоқтатылды. Директорлар кеңесінің жоғарыда аталған шешімімен 2016 жылдың 6 тамызынан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ бас директоры болып Димаш Досанов тағайындалды ", - делінген мәлімдемеде.

 Димаш Досанов 1981 жылы Алматыда дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Униеверситетін, Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Сондай-ақ, Вашингтон қаласындағы (АҚШ) Джорджтаун университетінің іскерлік әкімшілік магистрі (MBA) дәрежесі бар. Қазақ, орыс, ағылшын және итальян тілдерін меңгерген.

 Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің аппараты жанындағы шағын және орта бизнесті дамыту ассоциацияның менеджері қызметінен бастады. Үкіметте қызмет етті, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-да басшылық лауазымдарда болды. 2014 жылдан 2016 жылдың қаңтарына дейін Қазақстандық-Қытайлық Құбыр желісі» ЖШС басқарды.

  «ҚазТрансОйл» АҚ Басқарма мүшесі болып 2016 жылдың 15 қаңтарында сайланып, компания басшысы болып тағайындалғанша, Қазақстанның ең ірі мұнай тасымалдаушы корпорациясы бас директорының бірінші орынбасары міндетін атқарды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!