Ермегияевтің аппеляциялық ісіне Досаев пен Келімбетовті шақыру талап етілді

Фотография - Ермегияевтің аппеляциялық ісіне Досаев пен Келімбетовті шақыру талап етілді

©Арман Мұқатов

«Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ-ндағы жемқорлық жөніндегі аты шулы іске қатыстылардың аппеляциялық арызы қарастырылып жатыр.

370 0


Астанада аппеляциялық сот алқасы «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ-ндағы жемқорлық жөніндегі аты шулы іске қатыстылардың аппеляциялық және прокурордың наразылық арыздарын қарастырды.   Отырысқа судья  Асқаржан Кенжеғарин төрағалық етті, деп хабарлайды Today.kz.

Аты шулы іске қатыстылардың бірінің адвокаты Ботагөз Бейсембаева бұрынғы ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев пен сол уақытта ҚР Премьер-министрінің орынбасары қызметінде болған Қайрат Келімбетовті тергеуді талап етті.

"Өзімнің аппеляциялық арызымда, менің бірқатар тұлғаны шақырып, оларды тергеу туралы өтінішімді бірінші инстанциялық соттың қабылдамауына қатысты наразылығымды білдірдім. Біздің мәлімдемелеріміз негізсіз еркерілмей отырғандықтан, мен осы жерде тағы да қайталаймын. Қорғау тарапы сотқа куәгер ретінде Келімбетов, Досаев, Рақымбаев мырзаларды шақырады. Бірақ, сот оны қараудан негізсіз бас тартып отыр. Дегенмен, біз сол уақытта ҚР премьер-министрдің орынбасары болған Келімбетов көрмеге дайындық жөніндегі ұйымдастыру комитетін басқарғандықтан, оның осы іс үшін маңызы көп деп санаймыз.  Оған жиындар, отырыстар кезінде қабылданған шешімдердің орындалуын қадағалау жүктелген және оның барлығы іске қатысты материалдар көрсетілген. Досаев мырза экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігін, сот сілтеме жасап отырған «049» бағдарламасы, көрмені дайындау және өткізуге қатысты бағдарламаның әкімгері, яғни қазіргі экономика министрлігін басқарды. Дәл осы Досаев мырза кінә ретінде артылып отырған негізгі бюджетті реттеуге қатысты сұрақтарды анықтауға септігін тигізетін еді», - деп мәлімдеді Бейсембаева.

Сонымен қатар, адвокат сотқа Халықаралқ мамандандырылған ЭКСПО-2017 көрмесінің  комиссары Рәпіл Жошыбаевты да шақыруды талап етіп отыр.

Аппеляциялық сот куәгерлерді сотқа шақыру туралы өтінішті қараусыз қалдырды.

Айта кетейік, Ботагөз Бейсенбаева осыған дейін де қосымша куәгерлерді сотқа шақыру туралы өтініш жасаған болатын. Қорғаушының талабын сот қанағаттандырғанмен, куәгерлердің бір де біреуі сотқа қатысқан емес.

Естеріңізге салайық, Ермегияевтің аппеляциялық ісі сотқа тамыздың 1 күні жолданған.  Арызда басты фигугуранттан өзге тағы 22 адамның ісі көрсетілген (олардың ішінде кінәсін мойындағандар да бар): Марс Шорманов, Қажымұрат Үсенов, Азамат Туматаев, Ерлан Тілеуов, Алпысбек Тілекметов, Валерия Син, Сейіт Сейітов, Самат Сардарбеков, Талғат Сағындықов, Вячеслав Пягай, Әлішер Пірметов, Мұрат Омаров, Серік Найзабеков, Қуаныша Медеуов, Шоқан Матайбеков, Сергей Ильин, Орал Ибадильдина, Мадина Даулетбаева, Сұламбек Баркинхоев, Ренат Ақылбаев, Нұрлан Ақпамбетов, Аян Адамбаев.

Талғат Ермегияевтың үстінен сот үкімі маусымның 9 күні шығарылды. Соттың шешімі бойынша, оған 4,2 миллиарда тенге көлемінде пара алғаны туралы кінә артылып, ол қатал режимдегі колонияға 14 жылға тоғытылды. Шамамен, ұрланған қаражаттың жалпы көлемі 10,2 миллиарда тенге.  Онымен бірге жауапқа тартылған өзге 11 адам айыппұл және шартты, шынайы бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға тартылды. Сонымен қатар, сотта сотталғандарға тиесілі кәмпескеленетін дүниелердің тізімі жарияланды. Ал, Ермегияев және онымен бірге айыпталған  тағы он адам кінәсін мойындаған жоқ.   



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!