Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Атырау облысына келді

Фотография - Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Атырау облысына келді

Атырау облысы әкімдігі баспасөз қызметі

Премьер-министр облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы барысымен танысып, аймақтағы күрделі мәселелерді талқылайды.

478 0


Кәрім Мәсімов Қашағанда жасалып жатқан жұмыстарды тексерді. ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов жұмыс сапарымен Атырау облысына келді, деп мәлімдейді Today.kz PM.KZ сайтына сілтеме жасап.

 "Премьер-Министр ИИД МБ аясында салынған Қашаған кен орнындағы жасанды «Д» аралын, «Жігермұнайсервис» ЖШС бұрғылау қашауларын өндіру зауытын, «Caspian Royal Fish» ЖШС бекіре балығы фермасын, Атырау мұнай өңдеу зауытын аралайды деп күтілуде", - делінген хабарламада.

 Кәрім Мәсімов жұмыс сапарын аэропорт қауіпсіздігі жүйесімен танысудан бастады. Ол аэровокзал ғимаратына қосымша салынатын ғимарат құрылысының бекітілген жобасымен танысты.

 Премьер-министр «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ қолдауымен жүзеге асып жатқан «Нұрсая» шағын ауданындағы «Жерұйық» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында, сондай-ақ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қалалық бөлімінде, «Каспиймұнайгаз» ҒЗИ» ЖШС зертханасында болып қайтады деп күтілуде.

 Жұмыс сапары аясында Кәрім Мәсімов кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, балық шаруашылығының даму перспективаларын талқылайды, сондай-ақ отандық мұнай сервисін дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізеді.

 Индустрияландыру картасын жүзеге асыру кезеңінде облыста 37 жоба іске қосылды, сол арқылы 2,8 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Жаңа  өндіріс орындарының ашылуы арқасында биыл 7 615 жаңа жұмыс орны құрылды.

 Республикалық көлемде облыстың жалпы республикалық өнімдегі (ЖРӨ) үлесі 12,6% құрайды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!